Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бос тұрған уақытша болмаған қызметкердің орнына бухгалтер 1 (бірлік) лауазымына конкурс жариялайды

 

 

Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «А.Тоқпанов Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері: пошталық индексі 080012. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 115 үй. Тел. (87262) 45-29-68,         45-53-25.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: сахналық өнер көрсету арқылы халықтың рухани, эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру және қалыптастыру болып табылады.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебін                (негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың, өндіріс, өнім өткізу шығындарын, шаруашылық-қаржы нәтижелерінің есебін жүргізу, өнім берушілермен және тапсырыс берушілермен, сондай-ақ көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу және өзге де есептерін) жүргізу жөніндегі жұмысты орындайды, қаржылық тәртіпті сақтауға және ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады, бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша бастапқы құжаттарды қабылдауды және бақылауды жүзеге асырады және оларды санап өңдеуге дайындайды, негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың және ақша қаражатының қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетеді.

      Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнының есептік калькуляциясын жасайды, шығындардың және көзделмеген шығындардың пайда болуы көздерін анықтайды, олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар дайындайды.

      Шоттардың жұмыс жоспарын, шаруашылық операцияларын ресімдеу үшін қолданылатын, үлгі нысандары көзделмеген бастапқы құжаттардың нысандарын, сондай-ақ ішкі бухгалтерлік есепке арналған құжаттардың нысандарын әзірлейді, есеп жүргізудің негізгі тәсілдері мен әдістерінің мазмұнын және бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясын айқындауға қатысады;

      Шаруашылық ішіндегі резервтерді анықтау, үнемдеу режимін және құжат айналымын жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында бухгалтерлік есеп пен есептіліктің деректері бойынша ұйымның                  шаруашылық-қаржылық қызметін экономикалық талдауға, қазіргі заманғы есептеу техникасының құралдарын қолдану негізінде бухгалтерлік есептің прогрессивтік нысандары мен әдістерін әзірлеуге және ендіруге, ақша қаражаты мен                тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеуге қатысады, қаржылық                тергеп-тексерулер жүргізеді, септілікті жасау үшін бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша деректер дайындайды, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалайды, оларды архивке өткізу үшін белгіленген тәртіпке сәйкес ресімдейді, бухгалтерлік ақпараттың деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және сақтау бойынша жұмыстар жүргізеді, деректерді өңдеу кезінде пайдаланылатын анықтамалық және нормативтік ақпаратқа өзгертулер енгізеді, тапсырмалардың не олардың есептеу техникасының көмегімен шешілетін жекелеген кезеңдерінің экономикалық қойылуын қалыптастыруға қатысады.

      Экономикалық ақпаратты өңдеудің экономикалық негізделген жүйесін жасауға мүмкіндік беретін дайын жобаларды, алгоритмдерді, қолданбалы бағдарламалардың пакетін пайдалану мүмкіндігін айқындайды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: I санатты бухгалтер:Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және II санатты бухгалтер лауазымында кемiнде 2 жыл жұмыс өтілі;

      II санатты бухгалтер: Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және бухгалтер лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

      Санатсыз бухгалтер: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық және есеп пен бақылау бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

Білуі тиіс: ҚР Конституциясын, Еңбек кодексін;  Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" , "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" заңдарын.

Мүлікті, міндеттемелерді және шаруашылық операцияларды бухгалтерлік есепке алуды ұйымдастыру және есептілікті жасау бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер және әдістемелік материалдар, ұйымдағы бухгалтерлік есептің нысандары және әдістері, шоттар жоспарын және корреспонденциясы, бухгалтерлік есеп учаскелері бойынша құжат айналымын ұйымдастыру, негізгі құралдардың, тауар-материалдық құндылықтардың және ақша қаражатының қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлік есепке алу шоттарында құжаттамалық ресімдеу және көрсету тәртібі, ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін экономикалық талдау әдістері,есептеу техникасын пайдалану тәртібі, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары, депозитариймен жұмыс істеу дағдысы, шаруашылық жүргізу әдістері, экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері, еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.           

Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

         Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының сайтына жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Абай даңғылы,       115 үй, кадр бөлімі, тел. 45-53-25.

         Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  • Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  • Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
  • Білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
  • Еңбек кітапшасының (болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;
  • «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с) бере алады.

Конкурс өтетін күні: 2022 жыл 1- маусым

Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 115 үй.

Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.