Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бос тұрған 1 (бірлік) музыка бөлімінің меңгерушісі лауазымына конкурс жариялайды

Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері: пошталық индексі 080012. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 115 үй. Тел. (87262) 45-29-68, 45-53-25.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: сахналық өнер көрсету арқылы халықтың рухани, эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру және қалыптастыру болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Қойылымдардың (спектакльдердің) музыкалық безендірілуін жасау бойынша жұмыстарға басшылықты жүзеге асырады, ұжымның репертуарында музыканы пайдалану әдістерін жасайды.

Жаңа қойылымдар үшін музыка жасауға тартылатын композиторлардың кандидатуралары туралы ұсыныстар енгізеді, қойылымдағы рөлдерді орындаушылармен музыка сабақтарын және дайындықтар өткізеді, радиотехниктер мен дыбыс режиссерлерінің жұмысын қамтамасыз етеді;

Сахнада музыканың (ән) орындалуына байланысты рөлдерді бөлуге қатысады,сахнада музыканың орындалу көркемдік сапасын, жаңа қойылымдардың музыкалық безендірілуін, жекелей музыкант-орындаушылардың тиісті пайдаланылуы мен жұмыспен жүктелуін қамтамасыз етеді.

Біліктілігіне қойылатын талаптар; "Музыкатану" немесе "вокалдық өнер" немесе "дәстүрлі музыкалық өнер" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білуі тиіс: ҚР Конституциясы, ҚР Еңбек кодексі, ҚР "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы", "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" заңдарын.

Кәсіпорынның музыка бөлімі меңгерушісінің лауазымдық жалақысы еңбек шартында белгіленеді.

КонкурсҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығынасәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сайтына жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 115 үй, кадр бөлімі, тел. 45-53-25.

Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

3) Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

4) Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

5) Білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

6) Еңбек кітапшасының (болған кезде)немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;

7) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтікқұқықтық актлердімемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697болып тіркелді)бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с) бере алады.

Конкурс өтетін күні: 2019 жыл 10 сәуір

Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 115 үй.

Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.