Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бос тұрған 1 (бірлік) суретші-гример лауазымына конкурс жариялайды

Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері: пошталық индексі 080012. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 115 үй. Тел. (87262) 45-29-68, 45-53-25.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: Қоюшы-режиссердің жалпы шығармашылық ойына сәйкес грим және пастиж құралдарымен кейіпкерлерддің сыртқы кейіптерін жасайды;

Көркем гримнің жағылу сапасын, қойылымның жалпы бейнелік стиліне сәйкес әрекет жасайтын әр қатысушы тұлғасының портреттік мінездемесінің біртұтастығын сақтауды қамтамасыз етеді;

Ссоңғы гримдерді бекітеді, негізгі орындаушыларды гримдейді, эпизодтардың кейіпкерлерін, топтық және көпшілік сахналардың қатысушыларын гримдеуге қатысты гримдеуші-пастижерлердің жұмысына жетекшілік етеді, пастижерлік бұйымдарды жөндеу және дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1. санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "өнер" мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

2. санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.

Білуі тиіс: Конституцияны; Еңбек кодексін; Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" , "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы", "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" заңдарын;

Кейіпкерлердің сыртқы келбетін қалыптастыру сызбаларын жасауды, грим (опа-далап) өндірісінің технологиясын, барлық пастижерлік бұйымдарды жасау тәсілдерін, визажист жұмысының техникасын, түстану негіздерін, көркем жарықтандыру, жарық фильтрлерін тағайындау қағидаларын, пластикалық бөлшектерді жасау кезінде қолданылатын материалдардың қасиеттерін, грим түрлерін, заманауи косметология жетістіктерін, санитарлық-гигиеналық нормаларды.

Кәсіпорын артисінің лауазымдық жалақысы еңбек шартында белгіленеді.

Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сайтына жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 115 үй, кадр бөлімі, тел. 45-53-25.

Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

3) Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

4) Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

5) Білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

6) Еңбек кітапшасының (болған кезде)немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;

7) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бкеіту туралы»

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтіқұқықтық актлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Кокурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с) бере алады.

Конкурс өтетін күні: 2019 жыл 24 қыркүйек

Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 115 үй.

Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.