Драма әртісі
1. Лауазымдық міндеттері:
Тұрақты орындардағы, гастрольдер мен сапарлардағы спектакльдерде театрдың көріністерінде рөлдерді орындайды;
Дайындықтарға шығармашылық әзірлікпен келеді;
Вркалдвқ және актерлік шеберлігін шыңдай отырып, өз бетінше, сондай-ақ үйретушімен бірге жаттығады;
Жаңа шығармаларды, репертуарлық жоспарларды және шығармашылық қызметтің мәселелерін талқылауға қатысады.
2. Білуі тиіс:
Конституцияны;
Еңбек кодексін;
Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" заңдарын;
Музыкалық сауаттылықты, негізгі музыкалық-теориялық пәндерді, актерлік шеберлік теориясын, сахна тілі және сахналық қимыл, хореография негіздерін, партия және рөлдердегі тренаж әдістерін.
3. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Біліктілігі жоғары деңгейлі маман:
1) жоғары санаттағы: "өнер" мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі І санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
2) І санаттағы: "өнер" мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі ІІ санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) ІІ санаттағы: "өнер" мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "өнер" мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.