Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бос тұрған 2 (бірлік) артист лауазымына конкурс жариялайды

Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері: пошталық индексі 080012. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 115 үй. Тел. (87262) 45-29-68, 45-53-25.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: Музыкалық сауаттылықты, негізгі музыкалық-теориялық пәндерді, актерлік шеберлік теориясын, сахна тілі және сахналық қимыл, хореография негіздерін, партия және рөлдердегі тренаж әдістері.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "өнер" мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" заңдарын.

Кәсіпорын артисінің лауазымдық жалақысы еңбек шартында белгіленеді.

Конкурс Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы «мемлекеттік кәсіпорынныі басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы»№70 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сайтына жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 115 үй, кадр бөлімі, тел. 45-53-25.

Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

3) Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

4) Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

5) Білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

6) Еңбек кітапшасының (болған кезде)немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;

7) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бкеіту туралы»

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтікқұқықтық актлердімемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697болып тіркелді)бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Кокурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с) бере алады.

Конкурс өтетін күні: 2018 жыл 24 қыркүйек

Конкурстың өтетін орны:Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 115 үй.

Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.