Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бос тұрған 1 (бірлік) бас администратор лауазымына конкурс жариялайды
Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Орналасқан жері: пошталық индексі 080012. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 115 үй. Тел. (87262) 45-29-68, 45-53-25.
Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: Көрермендерді қабылдауға және қызмет көрсетуге көрермендер залын, театрлық ойын-сауық ұйымның құрамы үшін сахна сыртындағы бөлмелерді даярлайды, театрлық ойын-сауық ұйымдардың орынжайларында және оған жапсарлас аумақтарда тазалықты қамтамасыз етеді, жарнамалауды, бағдарламалардың, буклеттердің сатылымын ұйымдастырады, көрермендерге, ұйымның жұмыскерлеріне қызмет көрсететін буфеттердің жұмысын қамтамасыз етеді, фойеде сауда нүктелерінің жұмысын ұйымдастырады, көшпелі спектакльдерді ұйымдастыруға, гастрольдерді даярлауға және өткізуге қатысады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: "өнер" мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституцияны, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Жарнама туралы»заңдарын;
Кәсіпорын қоюшы режиссер лауазымдық жалақысы еңбек шартында белгіленеді.
Конкурс Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы «мемлекеттік кәсіпорынныі басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы»№70 бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сайтына жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 115 үй, кадр бөлімі, тел. 45-53-25.
Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
3) Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
4) Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
5) Білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
6) Еңбек кітапшасының (болған кезде)немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;
7) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бкеіту туралы»
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтікқұқықтық актлердімемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697болып тіркелді)бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Кокурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с) бере алады.
Конкурс өтетін күні: 2018 жыл 24 қыркүйек
Конкурстың өтетін орны:. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 115 үй.
Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.