Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бос тұрған электр цех меңгерушісі (энергетик) 1 (бірлік)  лауазымына конкурс  жариялайды 
Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «А.Тоқпанов Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.


Орналасқан жері: пошталық индексі 080012. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 115 үй. Тел. (87262) 45-29-68,          45-53-25.
Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: сахналық өнер көрсету арқылы халықтың рухани, эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру және қалыптастыру болып табылады.
          Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: энергетикалық жабдықтың, электрлік және жылу желілерінің үздіксіз жұмыс істеуін, дұрыс пайдалануды, жөндеуді және жаңғыртуды қамтамасыз етеді;
      өндірістің жылу энергетикалық ресурстарға қажеттілігін айқындайды, энергия шаруашылықтарын техникалық қайта жарақтандырудың, дамытудың, энергиямен жабдықтау жүйесін реконструкциялау мен жаңғыртудың қажетті негіздерін дайындайды;
      энергия шаруашылығын пайдалануға қажетті жабдықты, материалдарды, қосалқы бөлшектерді сатып алуға арналған өтінімдерді жасайды, энергия ресурстарын үнемдеу, ұйым бөлімшелерінің электрге, жылуға және энергияның өзге түрлеріне қажеттіліктері бойынша іс-шаралардың қажетті негіздемелерін есептеуді орындайды, оларды жұмсау нормаларын, олардың энергияға қажеттіліктерін шығара отырып, ұйым бөлімшелерінің жұмыс режимін әзірлеуге қатысады;
      жылу және энергияның өзге түрлерінің шығыс нормаларының сақталуын бақылайды;
      энергия жүйесінің ең көп іске қосылу сағаттарында энергетикалық жүктемелерді төмендету кестесін жасайды және олардың ұйымның бөлімшесі үшін айқындалған мөлшері шегінде орындалуын қамтамасыз етеді, ұйымда орнатылған энергетикалық, электрлік және табиғатты қорғау құрылғыларын паспорттауды жүргізеді;
      энергетикалық қондырғылар мен желілерді өнеркәсіптік сынақтан өткізуге және қабылдап алуға, энергетикалық жабдықтың авариялары себептерін қарауға қатысады және олардың алдын алу, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау бойынша іс-шаралар әзірлейді;
      релелік қорғау және автоматика құралдарын тексеруді және сынақтан өткізуді ұйымдастырады;
      ұйымда қолданылатын бақылау-өлшеу, электрлік техникалық және жылу техникалық құралдарына техникалық қадағалауды жүзеге асырады, сондай-ақ қысыммен жұмыс жасайтын қазандарды, ыдыстарды, бу және ыстық судың құбырларын, мемлекеттік қадағалау органдарының пайдалануға қабылдауға, тексеруге және растауға арналған электр қондырғыларын және энергия шаруашылығының өзге объектілерін дайындауды қамтамасыз етеді;
      энергия жабдығын және электр желілерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және қадағалау жөніндегі нұсқаулықтардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      энергетикалық жабдыққа арналған стандарттарды және техникалық талаптарды әзірлеуге және ендіруге қатысады;       
      энергия жабдығының күрделі және өзге жөндеуден өткізудің орындалуын бақылайды;       
      энергиялық қондырғылар мен желілерді пайдалану және жөндеу кезінде еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау тәртібі мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
      бекітілген нысандар мен көрсеткіштер бойынша есептілікті дайындайды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: инженер-энергетик (энергетик): кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары бiлiм және инженер-энергетик  лауазымында кемiнде 3 жыл жұмыс өтілі; 
Білуі тиіс: ҚР Конституциясын, Еңбек кодексін;  Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" , "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" заңдарын және  энергетика саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, энергетикалық жабдықтар мен коммуникацияларды пайдалану жөніндегі әдістемелік және өзге де материалдар;  энергетика шаруашылығын ұйымдастыру;
      ұйымның техникалық даму перспективалары;      энергетикалық жабдықтың техникалық сипаттамалары, конструктивтік ерекшеліктері, жұмыс режимі және техникалық пайдалану тәртібі;      жабдықты жоспарлы-алдын ала жөндеу және ұтымды пайдалану жүйесі;      жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және технологиясы;      энергетикалық жабдықты бөлшектеу, реттеу, іске қосу және жөндеу әдістері;      энергия ресурстарына, жабдыққа, материалдарға, қосалқы бөлшектерге, құралдарға арналған өтінімдерді жасау тәртібі;      жабдықты жөндеуге өткізу және жөндеуден кейін қабылдау тәртібі;      ұйым өнімі өндірісі технологиясының негіздері;  энергетикалық жабдықты пайдалану, жөндеу және жетілдіру кезінде еңбекті ұйымдастыру талаптары; энергетикалық жабдықты пайдалану және жөндеу бойынша алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибе; экономика, өндірісті, еңбек және басқаруды ұйымдастыру негіздері; еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.           
Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының сайтына жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Абай даңғылы,        115 үй, кадр бөлімі, тел. 45-53-25.
Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі. 
  3. Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  4. Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
  5. Білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
  6. Еңбек кітапшасының (болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;
  7. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық  актлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с) бере алады.
Конкурс өтетін күні: 2021 жыл 23 тамыз
Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 115 үй.
Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.