Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бос тұрған уақытша болмаған қызметкердің орнына референт-хатшы 1 (бірлік)  лауазымына конкурс  жариялайды 
Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «А.Тоқпанов Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.


Орналасқан жері: пошталық индексі 080012. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 115 үй. Тел. (87262) 45-29-68,          45-53-25.
Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: сахналық өнер көрсету арқылы халықтың рухани, эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру және қалыптастыру болып табылады.
          Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Хат-хабарларды қабылдайды және тіркейді, оларды құрылымдық бөлімшелерге жолдайды. Ұйым басшыларының бұрыштамасына сәйкес құжаттарды орындауға береді, тіркеу карточкаларын ресімдейді немесе мәліметтер банкін құрады. Құжаттамалық материалдарының өту есебінің картотекасын жүргізеді, олардың орындалуына бақылау жүргізеді, тіркелген құжаттар бойынша қажетті анықтамаларды береді. Орындалған құжаттаманы адресаттар бойынша жөнелтеді. Алынатын және жөнелтілетін хат-хабардың есебін жүргізеді, ағымдағы мұрағат құжаттарын жүйелендіреді және сақтайды. Құжаттар бойынша анықтама аппаратын құру бойынша жұмысты жүргізеді, олардың ыңғайлы және тез іздестірілуін қамтамасыз етеді. Ұйым мұрағатына іс жүргізумен аяқталған құжаттамалық материалдарды, тіркеу картотекасын немесе компьютерлік мәліметтер банкін даярлайды және тапсырады, сақтау үшін мұрағатқа берілетін істердің тізімін әзірлейді. Өтетін қызметтік құжаттаманың сақталуын қамтамасыз етеді.
Біліктілікке қойылатын талаптар:  Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білім және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы тиіс және жұмыс стажына талап қойылмайды.
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының ұйымда іс жүргізуді реттейтін заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар, іс жүргізу жүйесінің негізгі ережелері, ұйымның құрылымы және оның бөлімшелері, ұйымдық-өкімдік құжаттаманың біріздендірілген жүйесінің стандарттары, қызметтік құжаттар мен материалдардың өтуіне бақылау жүргізу тәртібі, еңбекті ұйымдастыру негіздері, есептеу техникасын пайдалану ережесі, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережесі, өрт қауіпсіздігі ережелері.        

Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының сайтына жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Абай даңғылы,        115 үй, кадр бөлімі, тел. 45-53-25.
Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі. 
  3. Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  4. Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
  5. Білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
  6. Еңбек кітапшасының (болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;
  7. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық  актлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с) бере алады.
Конкурс өтетін күні: 2021 жыл 23 тамыз
Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 115 үй.
Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.