Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бос тұрған балетмейстер 1 (бірлік) лауазымына конкурс жариялайды
Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «А.Тоқпанов Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Орналасқан жері: пошталық индексі 080012. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 115 үй. Тел. (87262) 45-29-68, 45-53-25.
Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: сахналық өнер көрсету арқылы халықтың рухани, эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру және қалыптастыру болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жаңа балет қойылымдарын (спектакльдерді, концерттерді, көрсетілімдерді) қоюға және бұрын жасалғандарын жаңғырту бойынша жұмыстарға қатысады, балет қойылымдарына жаңа және қосалқы орындаушыларды енгізеді және орындаушылармен дайындықтар және сабақтар өткізеді, ағымдағы репертуар қойылымдарының сапасын қадағалайды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: 1) жоғары санаттағы: өнер және гуманитарлық ғылымдар (хореография) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі І санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
2) І санаттағы: өнер және гуманитарлық ғылымдар (хореография) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі ІІ санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) ІІ санаттағы: өнер және гуманитарлық ғылымдар (хореография) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, өнер және гуманитарлық ғылымдар (хореография) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
Білуі тиіс: ҚР Конституциясын, Еңбек кодексін; Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" , "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы", "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" заңдарын.
Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының сайтына жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 115 үй, кадр бөлімі, тел. 45-53-25.
Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
- Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
- Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
- Білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
- Еңбек кітапшасының (болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;
- «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с) бере алады.
Конкурс өтетін күні: 2021 жыл 1- қазан
Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 115 үй.
Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.