Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

25.11.21 1

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай Тараз қалалық ақпараттық тобының мүшесі, қалалық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жаманбаев Малтабар Қаратайұлы Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры ұжымымен кездесіп, Елбасы Н.Назарбаевтың «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар ретінде ұсынған   «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығының мән-мағынасын түсіндірді.

«Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарына жеке-жеке тоқталып, сипаттама берген ақпараттық топ мүшесі, өз баяндамасының соңында театр ұжымының да өз өнерлерімен ел рухын қайрап, шыңдау арқылы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық белесінде қол жеткізілген табыстарға лайықты үлестерін қосып келе жатқандығын атап өтті.

Ұжымды ертеңгі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнімен, алдағы Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесімен құттықтады.

 Өз кезегінде театр директоры М.Ақүрпеков Тараз қалалық ақпараттық тобының мүшесі, қалалық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жаманбаев Малтабар Қаратайұлына ұжыммен өткізген кездесуі мен келелі мәселелер айтылған баяндамасы үшін алғысын жеткізіп,  Қазақстанның жарқын болашағы жолындағы еңбектеріне табыс тіледі. 

30.11.21 2