Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жоспарланған Алматы облысының Жамбыл облысындағы күндері аясында  тараздықтарға өрелі өнерлерін тарту ету мақсатында БИКЕН  РИМОВА  АТЫНДАҒЫ ТАЛДЫҚОРҒАН ТЕАТРЫНЫҢ шығармашылық ұжымы – Тараз қаласына келді.

06.12.21 1

Талдықорғандық әріптестерін Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының басшылығы мен артистері Көне Тараздың Күншығыс беткейіндегі Бас қақпа алдында шашуларын шашып, ақ бауырсақтарын ұсынып, қарсы алды.

06.12.21 1

Ұзақ жолдан сапарлап келе жатқан талдықорғандық әріптестеріне Асқар Тоқпанов театрының ардагер артистері: Қазақстанның еңбек сіңірген артисі  Асқарбек Сейілхан, Қазақстанның халық артисі Мәкен Рахымжановалар сәтті қадам айтысып, ақ баталарын беріп,  алдағы уақытта да көрші жатқан екі облыстың өнер ұжымдары  арасындағы шығармашылық байланыстардың әрдайым зор биікте болуына тілектерін білдірсе, актерлер   Кенен Ақүрпеков пен Абзал Дәулетбақовтар қонақтар үшін қазақтың қара домбырасымен жыр төкті.  

Алматы облысының Жамбыл облысындағы күндері аясында Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры ертең, 7 желтоқсан күні сағат 17.00-де Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драматеатрында М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» қойылымын Тараз көрермендеріне тарту етеді.

06.12.21 1

06.12.21 1