Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

 

🔹Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры мен облыстық орыс драма театры ұжымдары Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесін тойлап, мәдени іс-шара өткізді.

🔹Мерекелік іс-шараға арнайы шақырылған қонақтар қатарында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының және аталған басқармаға қарасты мекемелердің басшылары мен қызметкерлері, еңбек ардагерлері болды.

 

🔹Қонақтар назарына ең алдымен аңыз-ертегі кейіпкерлері Алдаркөсе мен Қожанасырдың қатысуымен Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесінің мән-мағынасын ашатын театрландырылған көрініс көрсетілді.

🔹Одан соң, Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтауларға, ақ тілек, баталарға кезек берілді.

🔹Құттықтау тілектерін айтқан Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Е.Жүнісбай, театрдың бұрынғы басшылары Т.Сұлтангереев, Қ.Демеш, мәдениет және өнер саласының ардагерлері Ү.Сапақова, М.Рахымжанова, А.Кабиева және басқалар елімізге бейбіт өмір, халқымызға тыныштық, бақ-береке тілеп, ақ баталарын берді.

🔹Соңынан мереке қонақтарына Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне арнап дайындалған концерттік бағдарлама көрсетілді және «Наурыз-көже» дастарханынан дәм ұсынылды.

@msm.govrk
@zhambyl.gov.kz
@madeniet_jambyl
@yerlan_zhunisbai

#театртараз
#наурызмерекесі