Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

🎭87-ШІ ЖАҢА МАУСЫМНЫҢ АШЫЛУЫ!

 🔸Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 87-ші жаңа маусымның ашылуына және көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай Қуандық Қасымовтың «ШЕР-ХАН» атты драма-элегиясының премьерасы өтетіндігін хабарлаймыз.

🎭 ПРЕМЬЕРА ӨТЕТІН КҮНДЕР:

⏰2022 жылдың 29 қыркүйегі күні кешкі сағат 18.30-да және 30 қыркүйек күні сағат 16.00-де.

📑 Билеттер театр кассасында сатылады.

💸 Билет бағасы үлкендер үшін – 1000 теңге, студенттер мен оқушыларға – 500 теңге.

🔹Авторы және қоюшы-режиссері – Қуандық Қасымов
Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты

🔹Қоюшы суретшісі – Қалтөре Жұмақұлов
ҚР Мәдениет қайраткері

🔹Музыкамен көркемдеуші – Ғани Біржан

🔹Балетмейстері – Бексұлтан Әлекешов

🔹Хормейстер – Дидар Игликов

🔹Режиссердің ассистенті – Анар Сағымбекова
ҚР Мәдениет саласының үздігі

🔸Драма оқиғасында халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның балалық балғын шағынан бастау алатын өмір белестері, «халық жауының баласы» ретінде көрген зорлық-зомбылығы, Ұлы Отан соғысы жылдарымен тұспа-тұс келген тауқыметке, сан қилы ауыртпашылықтар мен қиыншылықтарға толы тағдыры, тыныс-тіршілігі, өсуі, қалыптасуы, қайсар анасы Айша мен бауырларына деген үнемі санасынан шықпаған сағынышы, журналистік, жазушылық шығармашылық жолы, қазақ халқының тәуелсіздігі мен егемендігі жолындағы күрескерлік тұлғасы суреттеледі.

#таразтеатр
#87театрмаусымыныңашылуы
#ШерханМұртаза90жыл