Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

🔹9-желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа күрес күніне орай Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры директорының орынбасары Жазира Дүйсенбаева ұжым алдында «Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» міндеті аясында театрда 2022 жылы атқарылған жұмыстар туралы» баяндама жасады және жекелеген сауалдарға жауап берді.

 🔹«Сыбайлас жемқорлықтың қандай түрі болса да, барлық елдердің қалыпты дамуына кері әсерін тигізеді. Біріншіден, сыбайлас жемқорлық экономикалық дамуды, халықтың әл-ауқатының жақсаруын тежейді. Екіншіден, демократиялық институттар мен заң үстемдігін әлсіретіп, заңдардың орындалу үрдісін бұзады. Үшіншіден, қоғамдық тәртіпті бұзады. Төртіншіден, халықтың сенімін төмендетеді. Бесіншіден, мұндай ұйымдасқан қылмыс пен лаңкестік істер адамның және қоғамның қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіреді» - деп атап өтті баяндамашы.

🔹Бүгінгі таңда біздің Қазақстан Республикасында да сыбайлас жемқорлықтың алдын-алып, жолын кесу міндетіне сай, ашық мемлекет құру, кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдік құруын қамтамасыз ету, бизнестің дамуына жағдай жасау бағытында мақсатты іс-шаралар атқарылуда. Осыған байланысты «Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», «Ақпараттандыру туралы» заңдар қабылданды. «Ашық үкімет» жобасы жүзеге асуда.

🔹«Ашық үкімет» жобасының мәні мынада:
Біріншіден, Ашық бюджет – яғни, бюджеттен жұмсалған қаражатқа қоғамдық бақылау жүргізу үшін азаматтарға ерік беріледі.
Екіншіден, Ашық мәліметтер – яғни, мемлекеттік органның жұмысы туралы мәліметтер арнайы сайтар мен кәсіби сайттар арқылы қоғамға қолжетімді болады.
Үшіншіден, Ашық нормативтік - құқықтық актілер – яғни, азаматтар мемлекеттік органның шешімдері мен нормативтік - құқықтық актілерін талқылауға қатыса алады.

Төртіншіден, Ашық сұхбат – яғни, қоғам мен мемлекеттік органның арасындағы ашық байланыс, кері байланыс тұрақты даму үстінде.

Бесіншіден, Мемлекеттік органның тиімділігін бағалау – яғни, қоғам мүшелері мемлекеттік органның қызметі мен жеткен нәтижесін ашық талқылай алады.
🔹Мемлекеттік орталық органның басшылары, барлық дәрежедегі әкімдер мен жоғары оқу орындарының ректорлары жыл сайын халық алдында өз жұмыстары жайлы есеп беріп отырады, - деп атап өтілді баяндамада.
Біздің театр тарапынан да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» міндеті аясында 2022 жылы бірқатар атқарылған жұмыстар атқарылды.
🔹Театрдың басты мақсат-міндеті – жан-жақты және толыққанды, сапалы мәдени құндылықтардың жасалып, таратылуын қамтамасыз ету, жұртшылықты сол құндылықтардан зор рухани байлық пен тәлім-тәрбиелік таным, тағлым, үлгі-өнеге алуға жетелеу, жастар мен балаларға отансүйгіштік, патриоттық, этика-эстетикалық, адамгершілік тәрбие үлгілерін беру болып табылады.
🔹Бұл тұрғыда, біздің театрдың кез-келген қойылымы да адамды, тұлғаны қалыптастыруға, жастар мен балалардың жан-жақты танымын арттыруға, оларға озық ой, пайым, тәлім-тәрбиелік тағлым, үлгі, өнеге беруге, олардың бойында отансүйгіштік патриоттық сезім, қайсар рух, биік ар-ождан, адамдық, адалдық қасиеттер қалыптастыруға игі ықпал етеді.
Ендеше, театрдың кез-келген қойылымын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» міндетіне өзіндік үлесін қосады десек, еш қателеспейміз.
🔹Дегенмен, театрымыздың қазіргі репертуарында қоғамдағы моральдік адамгершілікке тыйым салынған құбылыстар мен сыбайлас жемқорлық көріністерін әшкерелейтін нақты бірнеше қойылым да бар.
Мәселен, бұл қатарда, оқиғасының астары арқылы шекпен жамылған жануарлар кейпіндегі адамдар мен кейбір билік иелерінің шынайы болмысын ұқтыру, пендешілігі мен қатыгездігін көрсету, олардың кейбір сәттердегі моральдық азғындығын, сыбайлас жемқорлық әрекеттерін әшкерелейтін терең философиялық мағыналы, орыс-осетин драматургі Георгий Хугаевтің «Шекпен» атты әпсанасын айтуға болады.

🔹Сондай-ақ, оқиғасында дүниеге сәби әкелуге шешім қабылдап, перзентханада жатқан әр түрлі жастағы әйелдер тағдырларының галереясы суреттелуімен қатар, кейбір дәрігерлердің науқастармен қарым-қатынасындағы алақолдық әрекеттері де көрініс табатын драматург Сұлтанбек Құдайбергеннің «Періште қонған үй» атты драмасы да адамдарды сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен аулақ болуға үндейді.
🔹Біздің театр алдағы уақытта да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбына жаңа қойылымдар дайындап, репертуарымызды жаңартып, толықтыра түседі деп үлкен сенім артамыз.
Қорыта айтқанда, біздің Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» жұмыстары Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында алға қойған мақсаттарға сәйкес, өз деңгейінде атқарылып келе жатыр деп, толық сеніммен айта аламын, - деп аяқтады баяндамасын Ж.Дүйсенбаева.
🔸Негізгі баяндамадан соң, театрдың кадр жөніндегі бас маманы Г.Сатыбалдиева ұжымға бүгінгі өткен іс-шараның мақсат-міндеттері жөнінде қысқаша түсініктеме берді, туындаған сауалдарға жауап берді.