Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

🔹 Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 9 желтоқсан күні сағат 11.00-де «3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектігі бар адамдар күніне» орай облыс әкімдігінің әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен және «Мүгедек жастар қоғамы» бірлестігімен бірлесе отырып, Тараз қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандар, жастар мен балаларды театрға шақырып, биылғы жаңа қойылымдардың бірі – драматург С.Пірмановтің «Ақыртас туралы аңыз» атты ертегі-қойылымын қайырымдылық шара ретінде көрсететті.

 

🔹Қойылымды барлығы 400-ден аса мүмкіндігі шектеулі жандар көріп, тамашалады.

🔹Сондай-ақ сағат 12.00-де ертегінің премьерасы сахналанды.

✍Авторы: Сантөре Пірманов
📔Идея авторы: Мәлік Ақүрпеков
🎭Режиссері: Ербол Абжалов
🖼Суретшісі: Айгерім Амангелді

🔹 Ертегі оқиғасында көне Тараз өңірінің ежелгі тарихи мекені - Ақыртас қалашығының сол тылсым замандардағы тыныс-тіршілігі шежіре, аңыздар негізінде суреттеліп көрсетіледі. Ертегі — қойылымның мақсаты - жас ұрпақтың сана сандығына елі мен туған жері туралы аңыз-әңгімелер негізіндегі мәліметтерді сіңіріп, таным — түсініктерін арттыру болып табылады.

🎭РОЛЬДЕРДЕ ОЙНАЙТЫНДАР:

АБЫЗ - Жандос Ильясбеков
УӘЗІР - Жорабек Төлеген
ЖҮЗБАСЫ ҚЫЗ - Гаухар Әмірсәлім
ҰСҚЫН ҰРЫ - Әнуар Уалиханұлы
КЕНТАВР - Зарина Асан
САМҰРЫҚ - Әсем Қондыбаева
ТАС МЫСТАН - Жазира Олжабаева
АЛАҢҒАСАР ӘМІРШІ - Байғали Мырзақұл
ӘУЛИЕАТАНЫҢ ҰЛЫ - Медеу Ердалиев
ХАБАРШЫ - Ықылас Көбейсінов
ЖАСАУЫЛ, НӨКЕРЛЕР - Мейірбек Есімбекұлы, Сухраб Мадумаров, Нұрсұлтан Маханов, Елжан Жармұхамедов

#АқыртасТуралыАңыз
#таразтеатр🎭