Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры 28 маусым күні кезекті 88-ші театр маусымын жазушы-драматург Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» атты жуырда ғана премьерасы өткен трагедиялық спектаклімен қорытындылады.
Көрсетілім алдында көрермендерге «Театр тынысы» атты театр саңлақтары туралы және театр артистерінің орындауында поэзиялық өлеңдер оқылған бейнеролик көрсетілді. Инсталляциялар жасалып ілініп, театр музейінің жәдігерлерінен фотогалерея бұрышы мен көрме ұсынылды.
Құрметті көрермен!
Сіздерге осы уақыт аралығында бізге көрсеткен рухани қолдауларыңыз үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!
89-ШЫ ЖАҢА МАУСЫМДА КӨРІСКЕНШЕ!