1 наурыз – Алғыс айту күніне орай, 50 жылдан аса уақыт бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрып, еңбек етіп келе жатқан Жамбыл облыстық қазақ және орыс драма театрларының ұжымдары «Тату көршіге ризамыз!» атты тақырыпта алғыс айту іс-шарасын ұйымдастырып, екі ұжым бір дастарханнан дәм татып, ақ бата, тілектерімен, сый-сияпаттарымен алмасты және ардагер артистерге құрмет көрсетілді. Іс-шара аясында екі театр ұжымы қазақ және орыс халық әндерін орындап, би билеп, көктемнің алғашқы күнгі мерекесінде осылайша зор шаттыққа бөленді.