Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

Бүгін «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке жұмысына Жамбыл облыстық қазақ драма театры директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Канат Агадилов те қатысып, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту, оларға түрлі әлеуметтік жеңілдіктер көрсету шараларына қатысты ұсыныстармен танысты.

Осы орайда, мүмкіндігі шектеулі жастардың Жамбыл облыстық қазақ драма театрында өткізілетін әр алуан мәдени шаралар мен сахналық қойылымдарға тұрақты қолжетімділігі қамтамасыз етілгендігін айтқан абзал.