Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының «Сен, Мен!» атты кезекті жаңа қойылымының тұсаукесер қойылымын көрсету – театрдың төл мерекесі Халықаралық театр күніне дәл келді.

Осы күні қойылымның алдында Халықаралық театр күніне орай өнер ұжымын құттықтауға келген облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшылары сахна өнерінде үздік танылып жүрген бірқатар артистер мен қызметкерлерді Алғыс хаттармен марапаттады.

Сондай-ақ, Республикалық Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының Жамбыл облыстық филиалының басшылығы атынан бірқатар артистер мен театр қызметкеткерлері Құрмет грамотасымен марапатталса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Майра Әлімбетова мен театрдың қойылым бөлімінің меңгерушісі Ділдабек Сыздықов ҚР Мәдениет қызметкерлері кәсіподағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды.

Сонымен қатар театрдың бірқатар ардагер артистері мен қызметкерлеріне Жамбыл облыстық Ардагерлер кеңесінің Алғыс хаттары табыс етілді. Ал, ардагер артистер Әнапия Ахмет пен Айжан Атымтаева «Жамбыл облыстық Ардагерлер кеңесіне 30 жыл» төсбелгісіне ие болды.

Сондай-ақ, театр ұжымының барлығына түгелдей төл мерекелеріне орай материалдық ынталандыру ретінде ақшалай сыйақы берілді.

Марапаттау салтанаты мен шағын концерт соңында қонақтар мен ұжымға Наурыз көже таратылып, құдайы тамақ берілді.