Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актрисасы, әріптесіміз ИНДИРА МҰСТАФАЕВА Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, театр өнеріндегі зор жетістіктері үшін Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаевтың Құрмет грамотасымен марапатталды.

Индира Мұстафаева Жамбыл облыстық қазақ драма театрындағы актрисалық жолын ә дегеннен-ақ, жарқ еткен жанды бейнелерді сомдаудан бастап, бүгінде көрермендерінің сүйікті актрисасына айналған талантты өнер иесі. Ол, қазіргі кезде С.Балғабаевтың «Ең жақсы еркегінде» - Гүлмайданды, Т.Нұрмағамбетовтің «Аса мәртебелі Сейфінде» - Мира атты қызды, Қ.Ысқақ пен Ш.Құсайыновтың «Қазақтарында» - биші қызды, А.Бекбосынның «Домалақ енесінде» - Келін, И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» - Сыған әйелдер бейнелерін, сондай-ақ, басқа да бірқатар қойылымдарда негізгі және көпшілік сахнасы рольдерін сомдап келеді.

Индира сонымен қатар, балаларға арналған қойылымдарда үнемі басты рольдерден көрінеді. Мәселен, «Құлыншақ пен бөлтірікте» - Ана бие, «Жақсы шәкіртте» - Құмырсқа, «Қошқар мен текеде» - Қасқыр, Қой, С.Пірмановтің «Алтын жұмыртқасында» - Бақ құсы, «Ақ күшіктің туған күнінде» - Тауық және тағы басқа бірқатар ертегілерде бекітілген бейнелерді мейлінше шебер орындап келеді.