Жамбыл облыстық қазақ драма театрының Әкімшілік және Көркемдік басқару құрамымен болған жиналыста Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңының талаптары талданып, түсіндірілді.
Аталған Заң талаптарына сәйкес, мекеменің барлық нормативтік-құқықтық құжаттарынан бастап, күн сайын өткізіліп жатқан іс-шаралардың жаңалықтар легі, сондай-ақ, заңмен тыйым салынбаған ақпараттар мекеменің жеке сайты мен басқа да тұрақты пайдаланылатын әлеуметтік желілерге орналастырылып отыруы тиіс екендігі баяндалды.
Сондай-ақ, өткізілетін шаралар туралы хабарландырулар мен афишалар мекеме ауласындағы стендтерге, қала бойынша арнайы рұқсат етілген тақталарға ілінуге тиіс екендігі ескертілді.
Жиналыс барысында, сондай-ақ, «Мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізудің типтік Алгоритімін» басшылыққа алу мәселелері бөлекше күн тәртібімен қаралды.