Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының «САҒЫМ» кинофильмінде ойнаған артистері мен аталған фильмнің режиссері Елжан Жармұхамедов, басты рольді сомдаған актер Нұрсұлтан Маханов, сондай-ақ, театр ардагерлері: ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері, белгілі актриса Нұрсифат Салықова, белгілі актриса, ҚР Мәдениет саласының үздігі Галина Қойшыбаевалар – Тараз инновациялық көпсалалы колледжінде студент жастармен кездесу өткізді.

Кездесуде студент жастар діннен адасудың соңы аса өкінішті жағдайларға дейін, тіпті қылмыстық әрекеттерге дейін апаратындығын ескертетін «САҒЫМ» кинофильмін көруден алған әсерлерін ортаға салды.

Кездесуге қатысқан өнер майталмандары мен киноға түскен артистер студент жастарды қызықтырған түрлі сауалдарға жауап қайтарып, кездесу еркін әңгімелесу түрінде қызықты өтті.