Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

Көрермен қауым осы драма оқиғасы арқылы: есімдері көне Тараз қаласының тарихымен тікелей байланысты айтылатын кіршіксіз таза да құдіретті махабаттың қос символы - Айша бибі мен Қараханның тағдырымен және олардың мәңгілік өшпес жырға айналған махаббат дастанымен танысады.

Өнерсүйер қауым, сондай-ақ, Айша бибі мен Қарахан бейнелері арқылы халқымыздың бай рухани құндылықтарымен, терең тарихымен, көне Тараздың Қараханидтер дәуіріндегі тылсым тыныс-тіршілігімен, Әулиеата жерінің сакральды географиясымен танысуға да мүмкіндік алады.

Барша халық жақсы біледі. Тараз десе, көз алдымызға – Айша бибі мен Қарахан келеді. Ал, кейінгі жас ұрпақ, өкінішке орай, Айша бибі мен Қараханның махабаттағы тағдырлары – Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Еңлік-Кебек, Ақан сері-Ақтоқты, Қыз Жібек пен Төлеген сияқты өмірде шын болған тарихи, әдеби тұлғалармен көп ұқсас екендігін терең біле бермейді.

Шығарма оқиғасында Қараханның және ол басқарып отырған мемлекеттің жаулары Айшаны өлтіру арқылы Қараханды мұқатпақ болған жаулық ой-пиғылдарын, ақыры орындап тынады. Айша бибі жау пиғылды сатқындар қолынан қаза табады.