Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

Жамбыл облыстық қазақ драма театрыжоспарлы көшпелі қойылыммен Тараз қаласындағы ЖД-158/7 түзеу мекемесіне барып, жазасын өтеп жатқан азаматтарға Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай!» атты комедиясын көрсетті.

«Беу, қыздар-ай!»- қазақ комедияларының ішіндегі классикалық шығарма деңгейіне жеткен туынды. Жастар арасындағы махаббат тақырыбы – ойнақы әзілмен өрілген шығарма. Оқиға барысында жас мамандардың өз еріктерімен ауылға жұмыс істеуге барып жатқаны да баяндалып, «Дипломмен ауылға» бағдарламасының орындалуы да көрініс береді.

Комедияда сонымен қатар, қоғамымыздағы түйткілді мәселелердің бірі – жұмысбастылықпен уақтылы тұрмысқа шықпай жүрген қыздардың жайы да әдемі әзіл-әрекетпен көрініс табады.

Бірі ақын, бірі суретші, бірі магистрант, ауыл үшін ауадай қажет үш мамандық иесі Көкдала ауылында тұратын айдай сұлу Айсұлу қызды іздеп сол ауылға келгенде, ұжымшар төрағасы Әбдіқадыр мен ауылдың учаскелік инспекторы, полиция майоры қатты қуанып, әлгілерге іздеген сұлуларына қол жеткізулері үшін «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен осы ауылда қызмет істеп қалулары қажет екендігін ескертеді.

Сөйтіп, Айсұлу сұлуды іздеп ауылға келген әлгі үш сері жігіт Айсұлудың әпкелері - Күнсұлу, Жансұлу, Нұрсұлу атты қыздарға ғашық болып қалады. Осы уақытта Айсұлудың Алматыға оқуға кеткен сүйген жігіті Серке де ауылға оралады...

Осылайша, бәрі де өз дегендеріне жетіп, Алматыдан келген үш бойдақ жігіт: Күнсұлу, Жансұлу, Нұрсұлу есімді бақыттарын тауып, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келгендей, сол ауылда бір-бір мамандық иесі болып, қоныс теуіп қалады...

Комедияда Айсұлу ролін – театрдың жас актрисасы Ақнұр Елемесова ерекше ойнап шықты.Ал, Күнсұлуды - арт. Жадыра Құттыбаева, Жансұлуды - арт. Индира Мұстафаева, Нұрсұлуды - арт. Ризат Қылышбаевасомдады.

Спектакльде аңғал мінезді магистрант Хасеннің бейнесін – актер Абзал Дәулетбақов, қиялилау суретші Сұлтанды - артист Жандар Қырықбаев, ақын жігіт Әубәкірді - артист Мәмбет Қожалиев комедиялық жанрға сай өте сәтті шығарды.

Учаскелік инспектор, полиция майоры роліндегі артист Анар Алтыбаева да өз ойынын ойнақы әзілмен ұтқыр бере білді.

Ұжым басшысы Әбдіқадыр образын сомдаған актер Әбу Шоңбаев, ауылдағы электр маманы ролінде ойнаған Нұрсұлтан Махановтар да өз кейіпкерлерінің бейнесін барынша даралап көрсете білді