Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 22 қаңтар күні сағат: 16.00-де Ә.Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» мелодрамасының қойылымы көрсетілді.
Бұл мелодрама – Дәметкен атты көп балалы ананың қартайған шақты балаларынан опа көрмей, қайғы-мұң кешкен тағдырын баяндайды. Спектакльдің негізгі идеясы: жас ұрпақты ата-ананың қадірін білуге, өмір бойы сыйлап, қадірлеп, құрметтеп өтуге, ағайындылар арасындағы татулыққа, бірлікке, ынтымаққа, жамандыққа бастайтын әдет-қылықтардан аулақ болуға үндейді.