26 ақпан күні Тараз қаласындағы «Баласағұн» ОКЗ-да Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен халқының ұлы перзенті Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған "Желсіз түнде жарық ай" концерт-композициясы өтті.
"Баласағұн" ОКЗ-да өткен шарада Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының әртістері Абайдың, Тоғжанның, Әйгерімнің, Е.Онегиннің, Татьянаның бейнелерін сомдап, "Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы", "Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат", "Қажымас дос халықта жоқ", "Сегіз аяқ", "Есіңде бар ма жас күнің?", "Ғашықтың тілі тілсіз тіл" өлеңдерінің мазмұнын поэтикалық көріністермен ашты.
К.Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының Қазақ ұлт аспаптарының оркестрінің сүйемелдеуімен "Торжорға" күйі, "Көзімнің қарасы", "Айттым сәлем,Қаламқас" және дәстүрлі әншілердің орындауында "Желсіз түнде жарық ай", "Сегіз аяқ" әндері орындалды.
Мерекелік іс-шара соңында филармония әртістері Мұхамеджан Тазабековтың өлеңінде жазылған Құрмаш Махановтың "Дархан дала" әнін орындады.
Концерт-композиция аяғында облыс әкімінің ықылас гүлі тарту етілді.