Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші-композитор Әбиірбек Тінәлінің 60 жылдығына орай, облыс басшылығы, облыстық Мәдениет басқармасының тікелей ат салысуымен Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында композитордың ән кешін ұйымдастырды. 
Оның алдында Талас ауданы әкімшілігі Ә.Тінәлінің туған жері Талас ауданының ораталығы – Қаратау қаласында сазгердің шығармашылық кешін өткізді.

Ә.Тінәлі Алматы облысынан туған жеріне қоныс аударып, Жамбыл облыстық қазақ драма театрына қызметке орналасқанда, облыс басшылығы сазгерге жаңа пәтердің кілтін тапсырып, баспаналы болуына жағдай жасады.

Әбиірбек Тінәлі – қасиетті Әулиеата өңірінен шыққан халқымыздың біртуар перзенттері Сүйінбай, Жамбыл, Кенен аталарымыз секілді дүлдүлдердің бүгінгі сарқыты, қазақ ән өнерінде өзіндік өрнегі бар дарынды азамат. Оның еліміздің ән өнері қорына қосқан «Анамның тілі», «Желтоқсан желі», «Фариза» және басқа да әндері халықтың рухын асқақтатып, жас ұрпақты елін, тілін, Отанын шексіз сүюге үндейтін шығармалар.