Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

Қазақ театры Талас ауданында өнер көрсетті 

 

Жамбыл облыстық қазақ драма театры Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында театр өнерін насихаттап, ауыл тұрғындарына сахналық қойылымдар көрсету мақсатында, 22 қараша күні Талас ауданының орталығы – Қаратау қаласы мен Тамды ауылында гастрольдік сапармен болып, драматург Б.Айдарбековтің «Тағдыр тәлкегі» атты драмасын сахналады. 
Драма оқиғасында – діни экстремистік топтың ланкестік әрекеттерін әшкерелеудегі және оларға қарсы күрес жүргізудегі Нүргүл атты қарапайым қазақ қызы мен оның достарының табанды батыл істері баяндалады. Соңында, тиісті органдардың араласуымен лаңкестер тобы құрықталады. Оқиғаның өн бойында дінінен адасқандар, дінді пайдаланып мемлекетке қарсы әрекет етпекші болған ланкестер ұйымының теріс пиғылдары әшкере болады. 
Ауыл тұрғындары шығарманы үлкен қызығушылықпен көріп, бірқатар кісілер драма туралы өз пікірлерін ортаға салды.