Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

Табылған заттың жарылыс қаупі  болуы мүмкін екендігін дәлелдейтін белгілері:

  1. машинада, баспалдақта, пәтерде және т.б. жерде беймәлім түйіншектің немесе қандай да бір заттың болуы;
  2. машинаның астынан шығып тұрған сым темір, бау, сым, қорек көзі немесе оқшаулау лентасы;
  3. бөтен сөмке, портфель, қорапша, қандай да болсын зат; машинада, пәтер есігінің алдында, кіре берісте табылған заттың өзгеше орналастырылуы;
  4. табылған күдік тудыратын заттағы шу (сағат тетігіне тән сипаттағы дыбыс, жиілгі төмен шу);
  5. Біліп жүріңіз: заттың сыртқы пішіні оның негізгі мақсатын жасырып тұруы мүмкін.Жарылғыш құрылғылар үшінкамуфляж ретінде кәдімгі тұрмыстық заттар: сөмкелер, пакеттер, түйіншектер, қорапшалар, ойыншықтар және тағы да басқа заттар пайдаланылады.

Егер де сіз күдік тудыратын зат тауып алсаңыз, ол фактіні назардан тыс қалдырмаңыз:

1) қоғамдық көлікте:

  • қасыңыздағы адамдардан сұраңыз;
  • заттың (сөмкенің және т.б.) кімдікі екенін немесе кім қалдырып кетуі мүмкін екенін анықтауға  тырысыңыз;
  • егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу жүргізушіге (машинистке және т.б.) хабарлаңыз.

2) үйіңіздің кіре берісінде:

  • көршілерден сұраңыз, мүмкін ол зат соларға тиесілі шығар. Егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу ІІМ, ҰҚК органдарына хабарлаңыз.

3) көшеде, саябақта және т. б.:

  • айналаңызға қараңыз, егер мүмкіндік болса, заттың иесін анықтауға тырысыңыз. Егер ол анықталмаса, полиция қызметкерлеріне немесе тікелей ІІМ, ҰҚК органдарына хабарлаңыз;
  • құқық қорғау органдары келгенше затты бөгде адамдардан оқшаулауға тырысыңыз. Олар келген соң зат табылған уақыт туралы ақпарат беріңіз.

4) мекемелерде, ұйымдарда:

  • тауып алған зат туралы объект әкімшілігі басшысына дереу хабарлаңыз.

Мыналарға тыйым салынады:

  • табылған затты ұстауға, ашуға және орнынан қозғауға;
  • табылған бөгде затты пайдалануға;
  • заттарды орындарынан қозғауға, бір жерден екінші жерге дөңгелетіп апаруға, қолға алуға;
  • көтеруге, тасуға, қалтаға, портфельге, сөмкеге салуға және т.б.;
  • жерге көмуге немесе оларды су қоймаларына тастауға;
  • заттардан шығып тұрған сым темірлерді немесе сымдарды үзіп тастауға немес тартуға, оларды залалсыздандыруға тырысуға;
  • мүмкіндігінше оған жақын аралықта радио- және электр-аппараттарын, ұялы телефондарды пайдалануға;
  • табылған затпен немесе күдік тудыратын заттармен жеке іс-қимыл жасауға тырыспаңыз, олар жарылғыш құрылғылар болуы мүмкін, бұл жарылысқа, көптеген құрбандыққа, қирауға әкелуі мүмкін.