Егер сіз қауіпсіз жерге көшіруді бастау туралы ақпаратты үйіңізде естісеңіз:
- ауа-райына қарай киініңіз, құжаттарыңызды, ақшаларыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;
- электрді, газды, суды ажыратыңыз, пештегі (алауошақтағы (камин) отты сөндіріңіз;
- көшу кезінде егде және ауыр науқастарға көмек көрсетіңіз;
- кіреберіс есікті құлыптап жабыңыз;
- ғимараттан шығыңыз және көшірушінің командасын орындаңыз, тастап кеткен үй-жайға жауапты адамдардың рұқсатынан кейін ғана қайта оралыңыз.
Егер сіз қауіпсіз жерге көшіруді бастау туралы ақпаратты жұмыс орныңызда естісеңіз:
- асықпай және дүрлікпей жұмыс құжаттарыңызды сейфке немесе кілтпен жабылатын үстел жәшіктеріне жинаңыз;
- өзіңізбен бірге жеке заттарыңызды, құжаттарыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;
- ұйымдастыру техникаларын, электр құрылғыларын сөндіріңіз;
- есікті кілттеп жабыңыз және көшіру тәсімінде белгіленген бағытпен жүріңіз;
- ғимараттан шығыңыз және көшіру басшысының командасын орындаңыз.