Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының басшылығы мен шығармашылық ұжымы Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының артисі, талантты актер, асыл азамат, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері БАЗАРКЕЛДІ АЗАТ ОРАЗАЙҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның әріптестеріне, отбасына және туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.
Марқұмның алды – пейіш, арты – кеніш, жатқан жері жайлы болсын! Қазақтың театр өнеріне өмірінің соңына дайін үздіксіз адал қызмет еткен Азат Оразайұлының жарқын бейнесі біздің жадымызда әрдайым сақталатын болады.