Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

Бүгін 30 МАУСЫМ – ЕРДАЛИЕВ Медеу Кайратұлының туған күні!
Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан Медеуді туған күнімен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке, зор шығармашылық табыстар тілейміз!


ЕРДАЛИЕВ Медеу Кайратұлы 1996 жылы 30 маусымда Ташкент облысы Жұмабазар ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2018 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетін мәдени-тынығу жұмысы мамандығы бойынша бітірген. Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2017 жылдан бері актерлік қызмет атқарып келеді. Медеу Ердалиев осы уақыт аралығында бірқатар қойылымдар мен балаларға арналған ертегілерде бекітілген рольдерді сомдап, шеберлігімен көзге түсті. Өзін, талпынысы зор, ізденімпаз, жауапкершілігі жоғары актер ретінде танытып келеді. Аттестациялау мерзіміне жататын 2019 жылы ол Болат Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастанындағы Қарахан ролінде ойнау мүмкіндігіне ие болып, Қарахан образын еш жасандылықсыз, шынайы сомдап, сәтті шығарды. Ол, сондай-ақ, өзі сомдаған кейіпкерлер бейнелерін сан қырынан танытып, құбылтып шығара алатын шебер актер ретінде танылып келеді. Медеу Ердалиевтің соңғы кездері ойнаған рольдерінің бірқатарын атап өтсек, олар:
- Қ. Қасымовтың «Қыз жібек» саунд драмасындағы Жігіт ролі;
- Спандияр Мұқышевтің «Апандағы адамдар» трагикомедиясындағы Хатшы ролі;.
- Ғабит Мүсіреповтың «Ақан Сері – Ақтоқты» драмасындағы Жігіт ролі; ойнады.
- Болат Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастанындағы Қарахан ролі;
- Қанат Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» комедиясындағы Жасболат ролі және тағы басқалар. Медеу Ердалиев қоғамдық жұмыстарға белсенді ат салысады. Тапсырылған жүктемелерді уақтылы, тез және сапалы орындайды. Актерлік шеберлігін шыңдау үшін тұрақты түрде ізденіс жасап жүретін ізденімпаз, еңбекқор актер. Аға буын өнер иелерін ұстаз тұтып, олардан актерлік техниканың әр алуан элементтерін үйренуден жалықпайды.
МЕДЕУ, Саған, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, құт-береке және зор табыстар тілейміз!

ІЗГІ НИЕТПЕН, ҚҰТТЫҚТАУШЫЛАР:
Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының
шығармашылық ұжымы!