Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

08.08.20 1

Бүгін 8 тамыз – Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының артисі, ҚР Мәдениет саласының үздігі ГАЛИНА ҚОЙШЫБАЕВАНЫҢ туған күні!
Галина Қойшыбаева 1957 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданында дүниеге келген. 1978 жылдан бері Жамбыл облыстық қазақ драма театрында актриса болып еңбек етіп келеді. Жамбыл мәдени-ағарту училищесінің театр бөлімін бітірген.
Галина Қойшыбаева сахнадағы сыршыл, іңкәр сезімдерді аялауға жаны жақын актриса. Сахнада сәнді көрініп, әдепті әрекеттерге құрылған көріністерге құштар. Ол, әсіресе, балаларға арналған спектакльдерде сүйкімді мінезді образдарды өзгеше өрнектейді.

Галина Қойшыбаева өз болмысында театр сахнасында 100-ге жуық рольдерді сомдады. Ол соңғы кездері театр репертуарындағы:

- Б.Ұзақовтың «Үміт» спектаклінде сатушы келіншек,
-Ж.Омаровтың «Құлыншақ пен бөлтірігінде» Жас бие,
-Қ.Демешевтің «Аюдың түсінде» Асыл әже,
-Е.Уахитовтың «Алтын дуалында» Шапағат,
Мольердің «Бәледен құтылдың, медицинасында» Люсиль,
-И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» сыған әйелі,
- М.Байджиевтің «Тіл табысқандарында» - Сүйімхан;
- М.Шахановтың «Танакөзінде» - Құдағи;
- Қ.Жүнісовтің «Алғашқы махаббатында» - мектеп директоры;
- И.Содиковтың «Әпендінің бес қатынында» - Қыршаңқы;
- Б.Ұзақовтың «Жан дауасында» - Ана;
- О.Әубәкіров пен А.Наймантаевтың «Нөңінде» - Қатпаш;
- С.Балғабаевтың «Ең жақсы еркегіндегі» - Розабану;
- Ш.Айтматовтың «Ана-Жер анасында»;
- Қ.Ысқақ пен Ш.Құсайыновтың «Қазақтарында»;
- А.Бекбосынның «Домалақ енесінде»;
- Н.Оразалиннің «Қилы заманында»;
- Ә.Әмзеұлының «Қор болған Қодар-айында» көпшілік сахнасы рольдерінде және бірқатар балаларға арналған ертегілерде бекітілген рольдерді сомдап келеді. Галина Қойшыбаева көптеген көркем және телевизиялық фильмдерге де түсіп, кино актриса ретінде де танылып келе жатқан өнер иесі.
ГАЛИНА ӘПКЕ, Сіздің өнер жолындағы ұзақ жылғы жемісті қызметіңіз – кейінгі жастарға зор үлгі-өнеге! Туған күніңізді әрдайым шығармашылық ортамызда мерекелей беріңіз!

ІЗГІ НИЕТПЕН, ҚҰТТЫҚТАУШЫЛАР: Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының басшылығы, шығармашылық ұжымы, әріптестеріңіз!

08.08.20 08.08.20 08.08.20 08.08.20 08.08.20 08.08.20 08.08.20 08.08.20 08.08.20 08.08.20 08.08.20