Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

02 09 2020 01

 Нұрсифат САЛЫҚОВА,
Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері

Үстіміздегі 2020 жыл тек біздің еліміз үшін ғана емес, бүкіл ғалам үшін де жер жаһанға жайылған коронавирус пандемиясымен байланысты, күрделі кезең болды. Бұл алапат дерттің қауіп-қатері әлі де сейілген жоқ, сақтану, күресу шаралары жалғасып жатыр. Осындай қиын кезеңде, әсіресе, денсаулық сақтау орындары, халықты әлеуметтік қорғау саласы, біз секілді, мәдениет және өнер мекемелері қызметкерлері халықтың денсаулығын қорғау, әл-ауқатын жақсарту, оқшауланып үйде отырған жандарға онлайн жүйеде мәдени қызмет көрсету жолында, жұдырықтай жұмылып қызмет көрсетті.
Мемлекет басшысы, ел Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйнктегі жаңа Жолдауында халық игілігі үшін аянбай еңбек атқарған барлық мекемелерге, азаматтарға алғысын білдірді. Биылғы Жолдау жарияланған күн - 1 қыркүйектегі Білім күні мерекесімен тұспа-тұс келіп, білім беру, мемлекеттік қызмет, қаржы-несие, банк ісі, әлеуметтік, өндірістік - экономикалық, ауыл шаруашылығы, жер және басқа да салалар мен секторларға қатысты бірқатар реформалардың дайындалып жатқанын аңғартты.
Жаңа Жолдауда айтылған, еліміздің алдағы уақыттағы даму кезеңінде бағыт - бағдарға алынатын: мемлекеттік басқарудың жаңа моделін құру, жаңа жағдайдағы экономикалық даму, Қазақстан азаматтарының тұрмыс-ахуалын арттыру, қолжетімді сапалы білім беру, халыққа мәдени қызмет көрсетуді жақсарту сияқты келелі мәселелер - бір бүгінгі күннің ғана талабы емес. Сондықтан, Жолдауда айтылған мәселелер нақты орындалуымен, өміршең болуымен ғана құнды болмақ.
Мемлекеттің ең басты құндылығы – адам және оның бақытты өмірі. Сондықтан еліміздің Президенті өз Жолдауында мемлекеттік саясаттағы ең басты капитал – адам, адам өмірі, адам денсаулығы, адамның толыққанды әлеуметтік жағдайы екендігін атап өтті. Білім және денсаулық сақтау саласын жетілдіру, ұстаздар мен дәрігерлердің еңбекақысын көбейту, халықтың табысын көбейту, мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасын арттыру, халықтың салауатты өмір салтын ұстануы мен мәдени тынығуына тиісті жағдайлар жасау туралы айтты. Жолдауда айтылған барлық тапсырмалардың тиянақты орындалуы үшін әрбір азаматқа, әрбір маманға, әрбір басшы адамға кәсіби дағды, темірдей тәртіп және жоғары жауапкершілік қажет, әділдіктен ешқашан айнымаған жөн, бізге ең басты керегі адалдық, ұқыптылық, тиянақтылық. Жолдауда айтылған осы және басқа да барлық мәселелер халықтың көкейінен шығады деп ойлаймын.