Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

24 09 2020 2

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры «Ұлық Ұлыс» - Алтын Орданың даңқты мемлекеттік қайраткері «Едіге батыр» жырын жатқа айту байқауын жариялайды.

БАЙҚАУДЫҢ ЕРЕЖЕСІ:
 

«Ұлық Ұлыс» - Алтын Орданың даңқты мемлекеттік қайраткері                «Едіге батыр» жырын жатқа айту байқауына қатысушы әрбір талапкер электрондық поштаға, әлеуметтік (Фейсбук, Инстаграм) желілеріндегі          «Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры» бетіне кіріп, тіркеліп, өзі туралы толық мәліметтерді және бірнеше суреттерін қалдыра отырып, тікелей түсірілімде жанды дауыспен «Едіге батыр» жырын жатқа айтады.

Қазылар алқасының құрамында: театр режиссерлері және бірнеше Қазақстанның халық артистері мен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артистері болады. Қазылар алқасының шешімімен «Едіге батыр» жырын жатқа айту байқауының жеңімпаздары анықталып, оларға мынадай сыйлықтар тағайындалады:

1-ші орын – театр қойылымдарына 1 жыл бойы тегін кіру абономенті.
2-ші орын – театр қойылымдарына 6 ай бойы тегін кіру абономенті.
3-ші орын – театр қойылымдарына 3 ай бойы тегін кіру абономенті.

Ынталандыру сыйлықтары (үшеу) – театр қойылымдарына 1 ай бойы тегін кіру абономенті.

ЕСКЕРТУ: «Едіге батыр» жырын жатқа айту байқауының жеңімпаздары туралы мәліметтер (суреттерімен) әлеуметтік желілерде, БАҚ беттерінде жарияланатын болады.

Байқауға қатысушы талапкерлердің жасына шек қойылмайды.

Байқауға ұсынған  түсірілімдерін электрондық поштаға, әлеуметтік (Фейсбук, Инстаграм) желілеріндегі «Асқар Тоқпанов атындағы                        Жамбыл облыстық қазақ драма театры» бетіне кіріп, тіркеліп, 2020 жылдың   24-қыркүйегі мен 31-қазан айларының аралығында орналастыруға болады.

БАЙЛАНЫС ҮШІН ТЕЛЕФОНДАР:

жұмыс тел: 45-29-68;

ұялы: 8-705-149-40-568-776-665-12-13.

Біздің әлеуметтік желілер мен электрондық поштамыз:
1)Инстаграм:@Askar_Tokpanov_dram_teatr
2)Фэйсбук:@AskarTokpanovDramTeatr
3) Пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.