Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

30 қыркүйек күні, сағат 18:00-де, Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының 85-ші маусымының шымылдығы жазушы-драматург Б.Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастаны спектаклімен ашылады.


ЕСКЕРТУ:
- карантинге қарсы белгіленген барлық санитарлық нормалар сақталады.
- көрермендер саны шектеулі (50-адамнан аспайды)
Осы себепке байланысты қойылымға келер алдында біздің байланыс номерімізге хабарласуыңызды сұраймыз:
-жұмыс тел: 45-29-68, 45-52-70.
-Ұялы тел: 8(776)963-84-648(747)083-39-038(777)466-00-76

Драмада есімдері көне Тараз қаласының тарихымен тікелей байланысты айтылатын кіршіксіз таза да мөлдір махабаттың символы - Айша бибі мен Қараханның мәңгілік өшпес жырға айналған махаббат дастаны баяндалады.
Сондай-ақ, Айша бибі мен Қарахан бейнелері арқылы сол дәуір, сол кезең мәдениеті, өнері, өмір сүру қағидалары, жалпы Қараханидтер дәуірінің тылсым тіршілігі көрініс табады. Қойылым сол кезеңдерден бүгінге жеткен тарихтың ғажайып жауһарлары – киелі орындардың сакральды географиясын үғынуға жетелейді.
Қойылым барысында сатқындық пен зұлымдық ұлы мәртебелі ізгілік қасиеттермен майданға түседі.
Ақыры билікке таласушылардың мансапқорлық пиғылдарымен қос ғашықтың пәк сезімдері аяусыз тапталып, оқиға бейкүнә Айша арудың құрбан болуымен аяқталады.