Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

06 10 20 1 

Бүгін сағат 11:00-де ZOOM веб-платформасында Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының ұйымдастыруымен «АБАЙ ТЕАТР САХНАСЫНДА» атты онлайн-конференция өтті.
Конференция М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұстаздары, студенттері мен Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының артистері арасында болды.


Қатысушылар: ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері - Нұрсифат Салықова, ҚР Халық артисі - Мәкен Рахымжанова, ҚР Еңбек сіңірген артисі - Асқарбек Сейілхан, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіндегі «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұстаздары - ҚР Мәдениет қайраткері, профессор - Айгүл Қабиева, Театр Қайраткерлері одағының мүшесі, аға оқытушы - Дүйсебай Еркебаев, сондай-ақ мәдениет және өнер кафедрасының студенттері.
Конференцияны жүргізген театрдың көркемдік жетекшісі, артист, ҚР Мәдениет саласының үздігі Мәлік Ақүрпеков.

06 10 20 2