Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

15 10 20 1

2020 жылдың 16 қазаны, жұма күні сағат 16.00-де Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының 2020 жылғы жаңа қойылымдарының бірі – У.Шекспирдің «ГАМЛЕТ» трагедиясының премьерасы коронавирус індетінің әлі де толастамай отыруына байланысты БАҚ өкілдері мен сан жағынан шектеулі ғана, 50-ге жуық көрермендердің қатысуымен өтеді. 
Жаңа қойылымның қоюшы – режиссері, белгілі актер, режиссер, Қазақстанның халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, өнертану кандидаты, профессор  Тұңғышбай әл-Тарази.


Қоюшы суретшісі – театрдың бас суретшісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Рахат Сапаралиева.
Трагедияның идеясы. Гамлет бейнесі арқылы сол уақыттағы қоғамдағы жоғары  биліктің  іріп-шіріген дағдарысы, тақ үшін таласқан биліктің арандатушылық әрекеттері бейнеленеді.
Сол  кездегі қайта өрлеу дәуірінің гуманисті, өз заманына лайық жоғары мұраттың иесі бола тұра, айналасындағы арандатушы адамдар мен билікқұмар туыстарының кесірінен жас Гамлеттің өмірге, адамдарға деген сенімі, ең жақсы мұраттары мен армандары іске аспайды. Себебі сол уақыттағы  мемлекетті басқаратын адамдардың өздері қылмыскерлер, кісі өлтірушілер еді. «Гамлет» трагедиясының идеясы – жоғары армaндардың құрып, құрдымға кетуін, қоғамды түзетyге белсеніп шыққан жалғыз күрескердің қайғысы мен трагедиясын суреттеу болып табылады. Гамлет обpaзы көптеген ғасырлар бойы түрлі пікірлер туғызып келсе де, өкінішке орай бұл образ бүгінгі заманға дейін ақиқат  шындық қалпын жойған жоқ. Ол өмірде де,  әдебиетте де, әлі де адамдарды толғандыратын образдapдың  прототипі  болып келеді.