Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

16 қазан күні Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының 2020 жылғы жаңа қойылымдарының бірі – У.Шекспирдің «ГАМЛЕТ» трагедиясың премьерасы коронавирус індетінің әлі де толастамай отыруына байланысты, сан жағынан шектеулі, 50-ге жуық қана көрермендердің қатысуымен және олардың  міндетті түрде медициналық маска тағып келу тәртібімен  өтті. 
Жаңа қойылымның қоюшы – режиссері, белгілі актер, режиссер, Қазақстанның халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, өнертану кандидаты, профессор  Тұңғышбай әл-Тарази.
Қоюшы суретшісі – театрдың бас суретшісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Рахат Сапаралиева.


Трагедияда Гамлет бейнесі арқылы сол уақыттағы қоғамдағы жоғары  биліктің  іріп-шіріген дағдарысы, тақ үшін таласқан биліктің арандатушылық әрекеттері бейнеленеді. Басты кейіпкер Гамлет – сол кездегі қайта өрлеу дәуірінің гуманисті, өз заманына лайық жоғары мұраттың иесі бола тұра, айналасындағы билікқұмар туыстарының кесірінен  оның өмірге, адамға деген сенімі, ең жақсы мұраттары мен армандары іске аспайды, себебі сол уақыттағы  мемлекетті басқаратын адамдардың өздері қылмыскерлер, кісі өлтірушілер еді.
«Гамлет» трагедиясының идеясы – жоғары армaндардың құрып, құрдымға кетуін, қоғамды түзетyге белсеніп шыққан жалғыз күрескер Гамлеттің қайғысы мен трагедиясын суреттеу болып табылады. Гамлет обpaзы көптеген ғасырлар бойы түрлі пікірлер туғызып келсе де, өкінішке орай бұл образ бүгінгі заманға дейін ақиқат  шындық қалпын жойған жоқ. Ол өмірде де,  әдебиетте  де әлі де адамдарды толғандыратын образдapдың  прототипі болып  қалып отыр.
Шекспир трагедиясы ә дегеннен-ақ үрейлі басталды. Түнгі жүргіншілер көзіне жақында қайтыс болған Гамлеттің әкесі – Дания королінің аруағы бірнеше рет елес болып көрінеді. Ал, ол өз ажалынан өлген жоқ еді. Оны билікқұмар бауыры Клавдий улап өлтіріп, ағасының әйелі, Гамлеттің анасы патшайым (королева) Гертруданы құшағына басып, алтын тақта сайран салып отырған.
Ал, Гамлет болса, әкесінің кегін ала алмай, аласұрады. Әкесінің жылы өтпей жатып-ақ, шешесінің Клавдий патшаға тиіп алғанына да өкпелі болатын.
Өз туысқан бауыры әкесiн өлтiрiп, таққа қанды жолмен келгенiн бiле тұра, Гамлет одан кек алу үшін батыл қимылға бел байлауға тайсақтаумен болады. Ол, кек алудан  не бас тартпайды, не бiрден iске кiрiспейдi. Өйткенi, Гамлет – ең алдымен іс-қимылдың емес, ойдың адамы. Ол әркез өз әрекетiнiң ақыры неге соқтыратынына есеп беруге тырысатын жан. Ол осы жолда өзiн шын берiле сүйген пәк ару Офелияның  махаббатынан  да бас тартады.
Ал, осы уақыт аралығында  адам өлтіруді шыбын өлтіруден оңай көретін Клавдий патша да текке жатпайды. Ол өзінің бас жауы санайтын  Гамлетті өлтірудің амалдарын ойластырып қояды.  Клавдий патшаның ойластырған сол амалдары  салдарынан  бірнеше адам өмірмен қоштасады, оның ішінде,  Гамлетке арналған  «у  қосылғын шарапты»  ішіп қойып, оның шешесі Гертруда да қайтыс болады. Ең ақырында  ұшына у жағылған қанжар тиіп, Гамлет те, Бас король тағына  қанды жолмен отырған  Клавдий патша да қайтыс болады. 
«Гамлет» трагедиясындағы Клавдий, Полоний, Лаэрт, Гильденстерн мен Розенкранц секiлдi билікке таласып, өз алдарына қойған мақсаттарына  жету үшiн ақыл-ойды қару етiп пайдаланатындарды  бүгінгі заманның жағымпаз, жылтыр, қаскүнем шолақ белсенділері десек, бүкiл қоғамның дертiн өз жан-дүниесiнен өткiзуге мәжбүр болған Гамлет секiлдi сақа жалғызды нағыз әділдік жолын ұстанған  күрескер деуге болады.
Қойылымда  Гамлет образын жас актер Байғали Мырзақұл, қандықол Клавдий патша бейнесін талантты актер,  ҚР Мәдениет саласының үздігі  Кенен Ақүрпеков, Гамлеттің шешесі королева Гертруданы  талантты актриса, ҚР Мәдениет саласының үздігі Анар Сағымбекова  сомдады.
Сондай-ақ, негізгі кейіпкерлер: Гамлетке ес-түссіз ғашық Офелия қызды – актриса Аружан Райымбек,  Аруақ образын – Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Асқарбек Сейілхан,  Полонийді – белгілі актер, ҚР Мәдениет қайраткері Жүніс Әлімбеков, Лаэртті – жас актер Абылай Аубакиров, Корнелийді – актер Жандар Қырықбаев, Вольтимандты – актер Руслан Оразалиев, Марцеллді  -  актер Елжан Жармухамедов, Озрикті -  актер Мейірбек Есімбекұлы, Бернардоны – актер Нұрсұлтан Маханов, көр қазушыларды – актер, ҚР Мәдениет саласының үздігі Әнапия Ахмет, актер Жорабек Төлеген, актерлар мен актрисалар бейнелерін  - белгілі актер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбиірбек Тінәлі, ҚР Жастар одағы сыйлығының лауреаты, актриса  Анара  Алтыбаева,  актриса Әсем Қондыбаева, актерлар Әбу Шоңбаев, Абзал Дәулетбақов, Горацио, Розенкронц, Гильденстерн бейнелерін  - актерлар Қасым Келесбек, Медеу Ердалиев, Ерасыл Аманбектер, сондай-ақ, көпшілік сахнасындағы рольдерді театрдың басқа да актерлары мен актрисалары сомдады.

19 10 20 1  19 10 20 1  19 10 20 1  19 10 20 1  19 10 20 1  19 10 20 1  19 10 20 1