Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

20 10 20 21

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының кіші сахнасында қазіргі кездегі коронавирус пандемиясының қауіптері сейілмей отыруына байланысты, барлық санитарлық талаптар сақтала отырып, Тараз қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен рұқсат етілген 50 адамнан аспайтын көрермен арнайы маскамен келу тәртібімен 20 қазан күні С.Пірмановтің «Ақ күшіктің туған күні» атты ертегі-қойылымы сахналанды.


Қазіргі уақытта әр кішкентай бүлдіршін өз туған күнімен бірге ата-анасынан, достарынан ерекше сыйлық күтетіні белгілі.
«Ақ күшіктің туған күні» ертегі-қойылымында да кішкентай ақ күшік өзінің туған күні ескерусіз қалып бара жатқанына іштей ренжулі болады. Алайда, оны құттықтауға достары келгенде, оның төбесі көкке жетіп, қуанышында шек болмайды...
Тәрбиелік, танымдық маңызы зор осы қойылымды барлық жастағы көрермендер қызығып көреді.
Ертегі авторы – Сантөре Пірманов. Қойылым режиссері - Анар Сағымбекова.

20 10 20 22  20 10 20 22  20 10 20 22  20 10 20 22  20 10 20 22