Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

27 10 20 2

Бүгін, 27 ҚАЗАН – Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының белгілі сахна шебері, талантты актриса ЖАДРА  ҚҰЛТАЕВАНЫҢ туған күні!

Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан ЖАДРАНЫ  туған күнімен құттықтай отырып,  зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке, зор шығармашылық табыстар тілейміз!

         ҚҰЛТАЕВА Жадра Қазбекқызы 1985 жылы  27  қазанда  Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Бесағаш ауылында дүниеге келген.

 Білімі – жоғары. 2003 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлектеттік университеті жанындағы  көпсалалы  колледждің  актерлік өнер бөлімін, 2017 жылы Қырғыз Республикасы Б.Бейшеналиева атындағы Қырғыз мемлекеттік мәдениет және өнер университетін актер өнері мамандығы бойынша бітірген. Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2006 жылдан бері еңбек етеді.

ЖАДРА бекітілген рольдерді сомдау үшін үнемі зор ізденімпаздықпен жұмыс жасап,   актрисалық   шеберлігін  жылдан-жылға арттырып, жетілдіру үстіндегі  талантты өнер иесі.     

Ол тек соңғы жылдардың өзінде оннан аса басты, негізгі рольдерді сомдады. Олардың бірқатарын атап өтсек, ол:

- У.Шекспирдің «Оттелосында» - Эмилия ролінде;

- С.Сматаев пен Т.Теменовтің «Көгілдір таксиінде» - Мариям ролінде;

- Қ.Жүнісовтің «Алғашқы махаббатында» - мұғалім Гүлзат ролінде;

- Қ.Ысқақ пен Ш.Құсайыновтың «Қазақтарында» – биші қыз ролінде;

- С.Балғабаевтың «Ең жақсы еркегінде» – Сылқым әйел ролінде;

- Б.Ұзақовтың «Жандауасында»  –    қыз ролінде;.

- Ә.Оразбековтің «Бір түп алма ағашында» – Ләйлә ролінде;

- И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» – Сағыныш ролінде;

- А.Бекбосынның «Домалақ енесінде» – Нүрилә ролінде;

- Ш.Айтматовтың «Ана – Жер-ана»  спектакліндегі – Әлиман ролінде;

- Б.Бекжановтың «Өмір» драмасындща -  Сана ролінде;

- Қ.Қасымовтың «Қыз Жібегінде» - Жеңге ролінде;

- А.Володиннің«Қос жебесінде» - Жүргіш әйел ролінде;

- Ә.Әмзеұлының «Қор болған Қодар-айында» - Валентина Қисыновна ролінде;

- У.Шекспирдің «Ричард ІІІ» драмасында – Ханшайым ролінде;

- Б.Ұзақовтың «Жандауасында»  –  нашақор  қыз ролінде;

    - С.Асылбекұлының «Күзгі романс» мелодрамасында  –  Сюзанна ролінде;

- М.Шахановтың «Танакөзінде» - Танакөз;

- Абай Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық айында» - Тоғжан;

-  Б.Бекжановтың «Үйлену увертюрасында» - Дария ролінде және тағы басқа көптеген қойылымдар мен балаларға арналған ертегілерде негізгі рольдерді сомдады.

Жадра Құлтаева сахна өнеріндегі жоғары шеберліктері үшін 2011 жылы «Ең үздік әйел бейнесін  жасағаны үшін» ҚР Еңбек сіңірген артисі Г.Батырғалиева атындағы номинация бойынша үздік танылып, арнайы дипломмен, «Алтын медальмен»  және ескерткіш сыйлықпен марапатталған. 2013 жылы  Мұхтар Шахановтың  «Танакөз» драмасындағы Танакөз ролін  жоғары шеберлікпен ойнағаны үшін  «Актерлық шеберлік» номинациясы бойынша үздік танылып,  арнайы дипломмен  және ескерткіш сыйлықпен марапатталған.

         2016 жылы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының 80 жылдығына орай өткізілген «Театр фестивалінде» «Эпизодтағы үздік әйел» бейнесі номинациясы бойынша жүлдегер атанды.

         Жадра сахна өнерінің қыр-сырын  өнердегі аға буын  ұстаздарынан  үйренуде  үнемі алғы шепте жүреді.  Құдіретті  сахна мектебінен   өзі меңгерген  шеберлік  тұстарды  өзінен кейінгі жас  артистерге үйретуде де зор белсенділік танытып, әрдайым үлкен ізденістер үстінде  еңбек етіп келеді. Негізгі жұмысынан бос уақытта Тараз қаласындағы №8 мектеп-гимназияда актерлық шеберлік үйірмесіне ұстаздық етеді.

Біз, әріптестері, ЖАДРАНЫҢ сахна өнерінде үлкен биіктерден көрінетініне кәміл сенеміз. Өнер жолында самғап, шарықтай бер, ЖАДРА!

ІЗГІ НИЕТПЕН: 

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының басшылығы мен шығармашылық ұжымы, әріптестерің! 

27 10 20 3 27 10 20 3 27 10 20 3 27 10 20 3 27 10 20 3 27 10 20 3