Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

2020 жылдың 29 қазан күні Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының директоры, жазушы-драматург БОЛАТ  ҮМБЕТӘЛІҰЛЫ  БЕКЖАНОВ  62 жасында  мезгілсіз дүние салды.

Болат Бекжанов – тек жазушы-драматург қана емес, ақын, сазгер, театртанушы ретінде де танымал болды. Оның бірнеше проза, драмалық шығармалар және жыр жинақтары жарық көрді. Көптеген  әндері бүгінде қазақ эстрада жұлдыздарының репертуарларында орындалып жүр.

Төмендегі бейнебаянда марқұм Болат Бекжановтың күзгі табиғат аясында өз өлеңдерін оқу сәті...  Ол күз айларын ерекше ұнатушы еді... 1958 жылы 4 қарашада сарғайған сары күзде  дүниеге келген еді...  2020 жылдың 29 қазан күні сарғайған сары күзде дүниеден өтті...