Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

03 11 20 1

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының белгілі сахна шебері, талантты актриса АНАРА АЛТЫБАЕВАНЫ театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан бүгінгі туған күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке, зор шығармашылық табыстар тілейміз!
Алтыбаева Анара Анатолийқызы 1975 жылы 1 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген.


2000 жылы Т.Жүргенов атындағы қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «Драма театры және кино актері» мамандығы бойынша бітірген.
2000-2014 жылдары С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық драма театрында актриса болып қызмет істеген.
Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2015 жылдан бері актриса қызметін атқарып келеді.
Ол осы уақыт ішінде ізденісі мен талабы және жоғары актерлік шеберлігі нәтижесінде әр жанрдағы спектакльдерде басты ролдерде ойнау мәртебесіне ие болды.
Олардың бірқатарын атап өтсек, ол соңғы жылдары:
- Д.Исабековтің «Тыныштық күзетшісі» драмасындағы ауылдық кеңес төрайымы Ардақ ролінде;
- Нұрлан Оразалиннің «Қилы заман» драмасында Ана ролінде;
- Қалихан Ысқақ пен Шахимарден Құсайыновтың «ҚАЗАҚТАР» тарихи драмасында Михр-ханум ролінде;
- Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» сазды драмасында Ана ролінде;
- Арғынбай Бекбосынұлының «Домалақ ене» символикалық драмасында Рухия ролінде;
- Тынымбай Нұрмағамбетовтің «Аса мәртебелі СЕЙФ!» драмалық комедиясында Дариға тәте ролінде;
- Б. Айдарбековтың «Тағдыр тәлкегі» драмасында Алима ролінде;
- А. Володиннің «Қос жебе» драмасында Жауынгер ролінде;
- Әлібек Әмзеұлының «Қор болған Қодар-ай!» фантасмогориясында Баян-Валентина Қисыновна ролінде;
- Мархабат Байғұттың «Асқаровтың аққайындары» драмасында Ана ролінде;
- Қуандық Шаңғытбаев пен Қанабек Байсейітов «Беу, қыздар-ай!» комедиясында Гүлшара (полиция) ролінде;
- Байғали Есеналиевтің «Таң сыры» драма-элегиясында Қыздар ролінде;
- Шыңғыс Айтматовтың «Ана-Жер-Ана» символикалық драмасында Қыздар ролінде;
- Б. Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастанында Бедре ханым ролінде;
- Мәлік Ақүрпековтің «Жақсы шәкірт» ертегісінде Жұмысшы құмырсқалар ролінде және басқа да бірқатар рольдерде ойнады.

Анара Алтыбаева, сондай-ақ, әр жылдары С.Мұқановтың «Аққан жұлдыз» драмасындағы Елизавета Николаевна, М.Әуезовтің «Қаракөзіндегі» - Текті, Е.Минулиннің «Диляфруздың төрт күйеуіндегі» - Сажида, С.Сматаев пен Т.Теменовтің «Көгілдір таксиіндегі» - Клара және тағы басқа да жүктелген рольдерді сомдаған.
Актерлік шеберлігін шыңдау үшін тұрақты ізденіс жасап жүретін еңбекқор актриса. Қоғамдық жұмыстарға белсенді араласады. Отбасында 1 қыз тәрбиелеуде.
2001 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық мәдениет департаментінің «Дарын» сыйлығымен және арнайы дипломымен марапатталған. ІХ-Республикалық театр фестивалінде «Фестиваль аруы» аталымына ие болған. 2002 жылғы Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты.
Сондай-ақ, сомдаған рольдері және мәдени-көпшілік шараларға тұрақты қатысқаны үшін жергілікті басқару органдары және театр басшылығы тарапынан бірнеше рет Алғыс хаттармен, Грамоталармен марапатталған. 
Біз, ұжымдастары, АНАРАНЫҢ сахна өнерінде үлкен биіктерден көрінетініне кәміл сенеміз. Өнер жолында самғап, шарықтай бер, АНАРА!

ІЗГІ НИЕТПЕН:
Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы, әріптестерің!