Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

04 11 20 1

- Аға, сізде ерекше бір қасиет бар оны білесіз бе?
- Қандай қасиет?
- Сіздің жадыңыз. Еске сақтау қабілетіңізге қызығам. Қаншама сырлас болдым, ұзақ жолдарға сапарлас болдым бір байқағаным естігеніңізді сақтап, оқығаныңызды тоқып алатыныңыз. Әсіресе ақындардың өлеңдерін қалай ұмытпайсыз? Таңғалам.


- А, ия Анамда бар еді бұл қасиет. Анам естіп білгенін жыр қылып айтып отырушы еді. Әңгіменің майын тамызып айтып жүріп, шаруаға да мықты еді жарықтық... Сол анамыздың бір қасиеті сіңген ғой бойымызға.
- Шаруаға жоқсыз ғой.
- Шаруаның құралын қаламға ауыстырдық қой.
- Қаламыңыздың сиясы таусылмасын аға. Сіз әлі көп дүние жазасыз. Мен сізді кино саласына сценарийлер жазса деп кейде ойлаймын. Тың идеялар бар еді.
- Алла қаласа оған да барармыз. Зейнетке шыққан соң да жұмыс керек қой айналысатын. (күліп)
- P.S Ағаммен әңгімелескен диалогпен бастап тұрған себебім бір сәт үнін естігендей, қасымда тұрғандай сезінгім келді.
- Мен 2001 жылы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде «Жастар ісі жөніндегі комитетінің» төрағасы қызметінде жүрген кезімде Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық іріктеуінде бағымды сынадым. Қазылар алқасы боп келген Болат ағаммен ең алғаш сол байқауда танысқан едім. Байқау соңында інім сенің орның театр да білесің бе оны? Театрға шақыртсақ келесің ба? деп менің орындалуы мүмкін емес арманыма яғни, театрға, үлкен өнер шаңырағыма келуіме ықпал етіп еді. Кейін байқағаным өнерге, жазу сызуға құштар жастардың өрісін кеңейтіп, бағыт-бағдар беруге, ағалық қамқор болуға, сен мықтысың деп арқадан қағып қанаттандырып тұратын биік ПАРАСАТ иесі екен. Асыл Ағамау санадағы сансыз естеліктер жүрегімді езіп жүр. Қасыңызда жүріп рухани азық алдым, шығармашылық жолда шыңдалдым, ағалық қамқорлығыңызды көрдім. «Жазу ол жоғарыдан берілетін құдірет» деуші едіңіз. Өміріңіздің соңына дейін сол өнеріңізді аялап кеткеніңіз көз алдымда.
Енді арамызда жоқсыз.
Бүгін асыл анаңыздың алтын құрсағынан жарық дүниеге келген күніңіз.
Тал бесік пен жер бесіктің арасы қас қағым екен.
Өзіңізді аялап өсірген, бойыңызға ешкімде жоқ қасиеттерді ақ сүтімен сіңірген анаңыздың жанына, мәңгілік мекеніңізге аттандыңыз.
Сізді сағынамыз.
Іздейміз.
Еске аламыз.
Алла алдыңыздан жарылқасын.
Иманыңыз серік болсын.

Інісі, Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, арт. Мәлік Ақүрпеков