2020 жылдың 10 қарашасы, күні Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Тараз қаласы әкімінің 2020 жылдың 04 қыркүйегіндегі № 101-ө өкімімен құрылған ақпараттық топ мүшелері Байшығашев Өмен Тасболатұлы, Махашев Алдаберді Меңлібайұлы және Зайнутдинов Абдурахман Юлдашевичтер театр артистерімен және қызметшілерімен Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жаңа Жолдауының негізгі бағыттары мен талаптарын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Кездесу соңы еркін әңгімелесуге ұласып, ақпараттық топ мүшелері қатысушылар тарапынан қойылыған бірқатар сауалдарға нақты, тұщымды жауаптар қайтарды.