Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

Өтіп бара жатқан 2020 жылдың соңында «АБАЙ ТВ» мәдени-ағарту телеарнасының түсіру тобы Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында болып, театрдың өткен тарихы, бүгінгі тыныс-тіршілігі және алдағы шығырмашылық жоспарлары жөнінде арнайы телехабар түсірді.


Түсіру тобына театрдың өткені, бүгіні және алдағы шығырмашылық жоспарлары жөнінде Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі әрі алдыңғы қатарлы белгілі актері, ҚР Мәденмет саласының үздігі Мәлік Ақүрпеков, театрдың қоюшы-режиссері әрі талантты актрисасы, ҚР Мәдениет саласының үздігі Анар Сағымбекова, театрдың бас суретшісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Рахат Сапаралиева, театр хореографы Дидар Игликов, театрдың аға костюмері Гүлбану Тұрсымбаевалар әңгімелеп берді.
Түсіру тобы, сондай-ақ, театрдың 2020 жылғы жаңа қойылымдарының бірі – Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясында басты рольдерді сомдаған артистер: Елжан Жармухамедовтен, Нұрай Қаражановадан, Мәмбет Қожалиевтен сұхбат алды.
(«АБАЙ ТВ» мәдени-ағарту телеарнасының түсіру тобы Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрынан дайындаған арнайы телехабар - төмендегі бейнематериалда).