Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

03 01 21

Аса қадірменді әріптестер, театр көрермендері – барша халайық!
Сіздерді табылдырығымыздан жаңа аттап келе жатқан 2021-ші Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Өткен 2020-ші жылдың жалпы адамзатқа, еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалына салған ауыртпалықтары, лайым, келмеске кетсін!


2021-ші Жаңа жыл – барша қазақстандық әріптестеріміз үшін, еліміз бен халқымыз үшін үлкен белестерден көрінер жемісті де табысты жыл болсын!
Театр көрермендері өнер әлемімен еркін қауышып, рухани дүниелеріне ауадай қажетті жан ләззатын алардай тамаша жаңа туындылар сахналайық!
2021 жыл – жас мемлекетіміз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекеленетін, еліміз бен халқымыз үшін үлкен тарихи кезең.
2021 жыл – Жамбыл облыстық қазақ драма театрының 85 жылдығы атап өтілетін, мерекелі жыл.
Осынау айтулы күндерге өнердегі жаңа табыс, өрелі жетістіктерімізбен жете берейік!
Ардақты әріптестер! Алдағы Жаңа жылда өнерлеріңіз өркендеп, абыройларыңыз асқақтай берсін!
Жаңа жылда баршаңызға зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға аман-саулық, бейбіт өмір, баянды бақыт, үлкен шығармашылық табыстар тілейміз.


ІЗГІ НИЕТТІ ҚҰТТЫҚТАУМЕН:
Асқар Тоқпанов атындағы
Жамбыл облыстық қазақ драма театрының басшылығы