Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Мектепке тағзым» акциясы және де «Жомарт түлек» іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының директоры Мәлік Ақүрпеков Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Әбжапар ауылының №4 шағын орталықты орта мектебінің 4-5-6 сынып оқушыларымен кездесу сұхбат өткізді және де театр өмірімен таныстырды.
Одан соң оқушылар Б.Бекжановтың «Айболит пен қарақшы» ертегі қойылымын тамашалап, алған әсерлері туралы өз ойларын ортаға салды.