Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2021 жылдың 16 сәуірі күні биылғы жаңа қойылымдардың бірі - қырғыз драматургы Б.Жакиевтің «Жүрейікші, жүрек ауыртпай» трагикомедиясы өтті.
Қойылымның басты мақсаты – тағдыр тәлкегіне түскен қариялар тағдырын көрсету, қазіргі замандағы адами құндылықтардың жоғалып бара жатқандығын ескерту болып табылады.
Шығарманы қырғыз тілінен аударған: белгілі театртанушы, сыншы - Әшірбек Сығай.
Қойылымның қоюшы-режиссері: республикаға белгілі талантты режиссер, Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты - Қуандық Қасымов.
Қоюшы-суретшісі: Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының бас суретшісі, «Еңлікгүл» кәсіби театр сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет саласының үздігі - Рахат Сапаралиева.
Пандемияға байланысты көрермен санына шектеу қойылады. Барлық келушілер мен көрерменнің арнайы медициналық маска тағып келуі міндетті.