Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жазушы-драматург Елен Әлімжанның «Абылай ханның серті» драмасын сахнаға дайындау үстінде.
Драманы сахнаға дайындап жатқан қоюшы-режиссері – республикаға белгілі талантты жас режиссер Фархадбек Канафин.
Қоюшы суретшісі – Қазым Аманқосов.
Музыкамен көркемдеуші – Мөлдір Барақбаева.
Балетмейстері – Бақытжан Айманов.
Көрермен қауым аталған жаңа қойылымның тұсаукесерін (премьерасын) алдағы мамыр айында тамашалайтын болады.
СУРЕТТЕРДЕ: қойылымға дайындық репетицияларынан көріністер.